Атырауда 1000-ға жуық адам түнгі марафонға қатысты

2 Шілде 2019, 09:22
2332
Бөлісу:
Атырауда 1000-ға жуық адам түнгі марафонға қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осымен екінші жыл қатарынан қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға 1000- ға жуық адам қатысты, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 


"Түнгі марафонға қатысушылардың көбі жастар. Дегенмен егде жастағы қатысушылар да аз емес. Соның бірі 51 жастағы Ажар Алимақанова жүгіруді әдетке айналдырған, тұрақты қатысушы болып табылады. Осындай спорттық шаралар арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыра аламыз. Өткізіліп жатқан марафон алдағы уақытта да жалғасын таба бермек", - дейді «Atyrau Marathone-2019» ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Юрий Пономарев. 

мара1.jpeg

Түнгі марафон 4,5 км-ге қашықтықты қамтыды. Барлық қатысушыларға сөре алдында неон білезіктері, ал мәреге жеткен соң естелік медальдар мен сертификаттар берілді. Ерлер мен әйелдер арасында үздік келген 5 қатысушыға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шара соңында түнгі марафон ұйымдастырушылары ең креативті және «ең жарқыраған киімді» таңдады. Хоккейші, покемон және солдат кейпінде киініп келген тұрғындар үздік деп танылды. 

Айта кетейік, шілде айында дәстүрге айналған "Эко марафоны" өтетін болады.

Өзгелердің жаңалығы