Атырауда жас отбасыларға арналған 100 пәтерлік үй қолданысқа берілді

4 Шілде 2019, 19:29
1617
Бөлісу:
Атырауда жас отбасыларға арналған 100 пәтерлік үй қолданысқа берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда «Жас Отау» мемлекеттік бағдарламасы аясында Нұрсая ықшам ауданынан жас отбасыларға арналған 100 пәтерлік үй қолданысқа берілді, деп хабарлады Хабар 24.

Жаңа пәтер кілттері 47 жанұяға табыс етілді. Бұған дейін аталған бағдарлама бойынша 2015 жылы 90 отбасы, 2017 жылы 120 жас отбасы баспаналы болған еді. Тағы бір айта кетерлігі бұл бағдарлама 2020 жылы да жалғасатын болды. Жылыой ауданының Құлсары қаласынан да жастарға арналған арзан баспана салу жоспарланып отыр. Бұл баспаналардың бағасы қолжетімді. Биыл «Жастар жылына» орай арнайы төмендетіліп отыр. Қалған пәтерлер жыл аяғына дейін қолданысқа беріледі.

"Бүгінгі таңда бұл пәтерлер квадратурасына бағасы 140 мың теңге. Басында негізі 180 мың теңгеден жоспарлаған болатынбыз. Бірақ осы «Жас отау» бағдарламасын ары қарай жалғастыру мақсатында «Жастар жылын» ескере отырып 140 мың теңгеге дейін түсірдік. Нарықта 140 мың теңгеге тұрғын үй табылмайды. Мұндай баға тек осы «Жас отау» жобасы аясындағы үшінші тұрғын үйдің әр шаршы метрінің бағасы болып табылады", - деді  жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы  Роллан Құспан.
Өзгелердің жаңалығы