ақпарат
-
-
528 млрд теңге сомасында қарыз берілді – Досаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы банктер 528 млрд теңге сомасында 1393 кәсіпкерлік субъектісіне қарыз берген. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.
26.01.2021
-
Негізгі мәселелерге тоқталыңыздар – Тоқаев өңір әкімдеріне
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды.
26.01.2021
-
Түркісіб ауданында 1600-ден астам оқушыға мектеп керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша инфрақұрылымды жаппай салуды көздейтін "Шетсіз қала" қағидасына сәйкес мегаполис шетінде халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
26.01.2021
-
Үкіметтің кеңейтілген отырысы. LIVE
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшілері - Аягөз Құрмаш және Айсұлу Маманқызы.
Бүгін 26 қаңтарда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр.
Жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады деп күтілуде.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аталған іс-шара туралы ақпаратты «Қазмедиа орталығынан» таратып жатыр.
Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы туралы жарлыққа қол қойған еді. Президент жаңартылған Үкімет мүшелерінің қатысуымен алғаш рет отырыс өткізіп жатқанын атап өткен жөн.
26.01.2021
-
Қазақстанның 2 қаласы және 6 облысы «қызыл» аймақта тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2021 жылғы 26 қаңтардағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидахуалды бағалау матрицасын жариялады.
26.01.2021
-
БҰҰ бас хатшысы: Әлем соңғы жүз жылдағы ең ауыр экономикалық дағдарыста
Алматы, BAQ.KZ. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш коронавирус пандемиясы салдарынан әлем соңғы жүз жылдағы ең ауыр экономикалық дағдарысқа тап болғанын мәлімдеді. Давостағы оның баяндамасы ұйымның ресми сайтында жарияланды.
26.01.2021
-
Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінімдер қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ - ҚР Сыртқы нарыққа отандық қайта өңделген тауарларды жылжыту жөніндегі Сауда және Интеграция Министрлігінің Операторы шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.
26.01.2021
-
Зейнетақы жинақтарын алу: Енді салымшылар уәкілетті операторға жүгінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БЖЗҚ-ның уәкілетті операторлармен өзара іс-қимылы туралы келісімдерге қол қойылды.
26.01.2021
-
КВИ-ден 15, ал пневмониядан 3 науқас қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ 2021 жылдың 26 қаңтарындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.
26.01.2021
-
COVID-19: 1445 адам індетінен айықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1445 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында жарияланды.
26.01.2021
-
Мэнни Пакьяо Райан Гарсиямен жекпе-жек өткізе ме
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық боксшы Райан Гарсия (21-0 18) атақты Мэнни Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.
26.01.2021
-
Қазақстан елшісі Шура мәжілісінің төрағасымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Елшісі Берік Арынды Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік кеңесінің (Шура Мәжілісі) төрағасы Абдалла бен Мұхаммад бен Ибрахим Әл аш-Шейх қабылдады.
25.01.2021
-
Елімізде тоқыма өнімінің көлемі артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы статистикалық деректерге сәйкес, еліміздің жеңіл өнеркәсіп өндірісі көлемінде тоқыма өндірісі негізгі үлесті - 55% алып отыр. Ақшалай алғанда 71 млрд. теңге. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 18%-ға жоғары.
25.01.2021
-
COVID-19. Алматылықтардың назарына!
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі қаланың коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа кіруіне байланысты мегаполистегі эпидемиялық жағдайды ескере отырып, қала тұрғындары мен қонақтарын коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын күшейтуге - бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, мүмкіндігінше қоғамдық орындарға, әсіресе нашар желдетілетін жабық орындарға (ғимараттарға) барудан бас тартуға шақырады.
25.01.2021
-
Барлар мен мейрамханаларда көңіл көтеруге қатаң тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мониторингтік топтары тұрақты түрде барлар мен мейрамханаларға рейд жүргізеді. Мекеме қызметкерлері тиісті нұсқауларды орындамауымен және сағат 20.00-ден кейін клиент қабылдауымен көзге түсіп жатады.
25.01.2021
-
Биыл Алматыда ескі үйлердің 62 иесі бес қабатты жаңа үйге көшіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша биыл ескі үйлердің 62 меншік иесін көшіру үшін 3 бес қабатты үй пайдалануға беріледі.
25.01.2021
-
Президент ауызсумен жабдықтауды субсидиялау туралы заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
25.01.2021
-
Түркістан облысында қарлы бораннан 400-ге жуық адам құтқарылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында авариялық құтқару жұмыстарының нәтижесінде көлігімен жолда қалып қойған (17 ауыр жүк көлігі, 90 жеңіл автокөлік) 377 адам құтқарылды.
25.01.2021
-
Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы кітапханалар қайта жаңғырып, халық көп жиналатын мәдени орталыққа айналуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биыл 10 кітапхана жаңа форматқа көшкен.
25.01.2021
-
Жапон халқы осы жазда Токио Олимпиадасын өткізуге қарсы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапондардың 80%-дан астамы коронавирустық пандемия кезінде Олимпиада өткізуге қарсы, деп жазды Euronews.
25.01.2021
Наверх