Түркісіб ауданында 1600-ден астам оқушыға мектеп керек

26 Қаңтар 2021, 11:00
2292
Бөлісу:
Түркісіб ауданында 1600-ден астам оқушыға мектеп керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша инфрақұрылымды жаппай салуды көздейтін "Шетсіз қала" қағидасына сәйкес мегаполис шетінде халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте осы кезге дейін қандай істер атқарылғаны туралы айтты.

Бүгінгі таңда Түрксіб ауданының 29 мектебінде (27 мемлекеттік және 2 жекеменшік) 32 442 оқушы білім алуда. Оқу орындарының тапшылығы 1 690 орынды құрайды. Осыған байланысты мәселені шешу үшін жаңа нысандарды іске қосу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Ауданда: 
 -280 орындық №187 мемлекеттік балабақшасы; 
- "Нұршашқан" шағын ауданындағы 600 орындық заманауи №203 жалпы білім беретін жаңа мектеп;
- Л.Толстой көшесі, 20 мекен-жайындағы 450 орындық № 61 жалпы білім беретін мектепке жапсарлас құрылыс жүргізілді. 
"ЖҚЖК-2020" бағдарламасы бойынша № 117, 131, 149, 185 төрт мемлекеттік балабақшаға ағымдағы жөндеу және №86 балабақшаға күрделі жөндеумен сейсмикалық нығайту жұмыстары жүргізілді. 

2021 жылдың соңына дейін Магнитная көшесі, 31 мекен-жайы бойынша 300 орындық № 170 жалпы білім беретін мектепке жапсарлас құрылысты; Жас қанат шағын ауданындағы 280 орындық балабақша құрылысын;  Сейфуллин даңғылы, 50 мекен-жайындағы 590 оқушыға арналған жекеменшік жалпы білім беретін мектептің; "Қайрат" шағын ауданындағы 1500 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектеп құрылысын аяқтау жоспарлануда, - деді Б.Ақжаров. 

Пандемияға байланысты барлық орта білім беру ұйымдары 2020-2021 оқу жылында қашықтан оқыту форматына көшті. Аз қамтылған отбасылардан шыққан 11 749 оқушыға қашықтан оқыту үшін: 103 техникалық құрылғы тегін негізде, уақытша пайдалануға 11 646 техникалық құрылғы берілді.

Ауданда халықты сапалы медициналық қызметпен толық қамту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Ауданда 13 денсаулық сақтау нысаны бар, оның ішінде 7 қалалық емхана және 6 стационар. Тіркелген халық саны 247 156 адамды құрайды. Медициналық жабдықтармен жарақтандырылуы 86%-ды құрайды.

- "Маяк" ш.а. Қапшағай көшесі, 46 мекен-жайы бойынша ауысымда 20 адам қабылдайтын № 32 қалалық емхананың дәрігерлік медициналық пункті ашылды;
- 35 төсек-орынға арналған №4 перзентхананың қосымша корпусы жұмыс істей бастады;
- Бір ауысымда 50 адамды қабылдауға арналған дәрігерлік амбулатория ашылды, мекен-жайы: 13 в/г, 54 “Б” үй. Амбулаторияда жалпы дәрігерлік практиканың 3 учаскесі, педиатриялық және емшара кабинеттері, ЭКГ-аппараты бар кабинет, күндізгі стационар және температурасы жоғары пациенттерді қабылдауға арналған фильтр ашылды.
- Дегдар көшесі, 10/2 мекен-жайы бойынша 500 төсек-орынға арналған қалалық инфекциялық аурухананың филиалы пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Алматы қалалық оңалту орталығының күрделі жөндеуімен бірге сейсмикалық нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудан жастарын қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Өткен жылы ауданда жастарды жан-жақты қолдауға арналған Жастар ресурстық орталығы ашылды, онда құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі, жұмысқа орналасу және волонтерлік қызмет мәселелерімен айналысады. Халықтың әлеуметтік осал топтарына, сондай-ақ шығармашыл, студент және спортпен шұғылданатын  жастарға ерекше көңіл бөлінеді.
Кітапхана жүйесін жаңғырту бағдарламасы бойынша 2019-2020 жылдары №1, 15, 26, 30 кітапханаларға күрделі жөндеу жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы