Алматыда көне кілемдер көрмесі ашылды

19 Наурыз 2021, 16:00
5742
Бөлісу:
Алматыда көне кілемдер көрмесі ашылды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музейде «Масатыдай құлпырған…» атты қалпына келтірілген көне кілем мен тоқыма бұйымдардың көрмесі ашылды.
  

Көрмеге қойылған кілемдер еліміздің оңтүстік және шығыс өңірлерінде жасалған. Олардың жасалу әдісі мен сипаты жағынан өзіне тән өзгешеліктер бар. Сондай-ақ бұл бұйымдардың барлығы ХХ-ғасырдың бірінші жартысында жасалған, ең көне кілем 1934 жылы Шымкент облысында жасалыпты. 
Музейдің рестоврация бөлімінің меңгерушісі Шолпан Тұрсынбаева бүгінгі көрмеге қайта қалпына келтірілген кілемдер мен қатар тоқыма бұйымдар да қойылғанын айтады. 

коне2.jpeg


Бұл жәдігерлердің барлығы музейіміздің қорында сақталған. Тарихи-мәдени артефактілерді қалпына келтіру Орталық музей қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Оған қоса музейде 1986 жылдан бері реставрация бөлімі жұмыс істейді. Қазір онда сегіз білікті маман кескіндеме, графика, қыш, мата бұйымдары, кілем-киіз және тағы басқа бағыттар бойынша қызмет етуде,-дейді ол. 


коне3.jpeg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің басты  мақсаты - Орталық музей қоры негізінде қазақ халқының кілем және тоқыма бұйымдарының тіршілік қамы функциясын, сонымен қатар олардың жасалу материалдары мен техникасын, қолданыс аясын, шаруашылық, тұрмыстық және функцияларын ашу. Оның үстіне дәстүрлі кілем тоқу мәдениетінің алуан түрлілігін көрсету. Көрмеге 13-ке жуық түкті кілем, басқұр мен қоржындар да қойылған.

коне1.jpeg


Өзгелердің жаңалығы