әкімдік
-
-
Көлік салығын төлемеген жүргізуші темір тұлпарынан айырылды
Ақтауда көлік салығын төлемеген борышкерлерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасып жатыр. Тексеру барысында бір тұрғынның автокөлігі заңнамаға сәйкес айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.11.2025
-
Енді әкімдіктер туристік нысандарға бөлінген жердің мақсатты пайдаланылуын бақылайды
Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда туристік саланы қолдау мәселелері жөніндегі заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
Алматыда бос тұрған әкімшілік ғимараттан өрт шықты
Медеу ауданындағы Самал шағын ауданында орналасқан бұрын пайдаланылған әкімшілік ғимарат өртенді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
05.11.2025
-
ШҚО-да 32 ауыл жойылу қаупінде тұр: әкімдік елді мекендерді қалай тарататынын түсіндірді
Соңғы бес жылда Шығыс Қазақстан облысында 10 ауылдық елді мекен таратылған. Тағы 32 ауыл жойылып кету қаупінде тұр. Бір кездері бұл ауылдарда балалардың күлкісі естіліп, үйлер салынып, бақтар өсіп, халықаралық деңгейдегі фестивальдер өткен еді. Қазір болса – бос көшелер мен ескі күндерді еске алатын қариялар ғана қалған. Oблыс картасынан ауылдар неге жоғалып барады және тұрғындарды не күтіп тұр? Осы мәселені BAQ.KZ тілшісі анықтап көрді.
31.10.2025
-
Алматыдағы Орталық саябақта тойхана салынып жатыр ма
Желіде Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында үлкен ғимараттың салынып жатқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
29.10.2025
-
Ақтөбедегі қайғылы оқиғаға байланысты мерекелік шаралар тоқтатылды
Ақтөбеде адам өлімімен аяқталған жол апатына байланысты қаладағы мерекелік шаралар тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
24.10.2025
-
Шығыс Қазақстан туризмге жарты жылда рекордтық 13 млрд теңге құйды
Шығыс Қазақстан облысында туризм саласына салынған инвестиция көлемі рекордтық деңгейге жетті. 2025 жылдың алғашқы алты айында аймақ экономикасына 13 миллиард теңге бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
20.10.2025
-
Аурухана дәлізінде жатқан науқастар: Шымкент әкімдігі жағдайды түсіндірді
Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында дәлізде жатқан науқастар бейнеленген видео тарап, қоғамда қызу талқыланды. Бейнежазбада бірнеше пациенттің, оның ішінде баласы бар әйелдің дәлізде жатқаны көрінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar арнасына сілтеме жасап.
20.10.2025
-
Ақтау әкімдігі мен жергілікті тұрғындар көгалдандыру мәселесіне қатысты бір шешімге келді
Бүгін, 19 қазан күні Ақтау қаласы әкімдігінің өкілдері 1-шағын аудан тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.10.2025
-
Көлік жүретін жол ашу үшін: Алматы әкімдігі 27 жер телімін мәжбүрлі түрде алатын болды
Алматы қаласы әкімдігінің шешімі бойынша, Медеу және Түрксіб аудандарында 27 жер учаскесі немесе басқа жылжымайтын мүлік мемлекет қажеттіліктері үшін алынатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.10.2025
-
ШҚО-да ауыл тұрғындарын балағаттаған әкім жазаланды
Шығыс Қазақстан облысында Шілік ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеухан жергілікті тұрғындармен кездесу барысында бейәдеп сөздер айтқаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. Іс аудандық сотта қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.10.2025
-
Алматыда жыл соңына дейін мыңнан астам көше шамы жаңартылады
Алматыда сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қала инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жоба аясында биылдың соңына дейін мыңнан астам шам орнатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
07.10.2025
-
Өскеменде автобустар лық толы, көпір жетіспейді. Ал енді неге аспалы жол салынбақ?
Өскеменде билік жолдарды жеңілдетудің тосын тәсілін ойлап тапты – аспалы жол салмақ. Шенеуніктердің есебінше, “аспалы жол” жылына жеті миллионнан астам жолаушыны тасымалдап, тіпті қаланың көлік жүйесінің бір бөлігіне айналуы тиіс. Алғашқы кезеңде ол Мемлекеттік рәміздер тауы мен Ертіс жағалауын жалғайды. Бірақ әкімдік туристік имидж бен даңғаза жобаларға басымдық беріп жатқанда, тұрғындар автобустардың лық толы екенін, ескіргенін, трамвайлардың жиі істемей қалатынын, ал Ертістен өтетін көпірлердің катастрофалық жетіспейтінін айтып шағымдануда. Мәселені BAQ.KZ тілшісі зерттеп көрді.
03.10.2025
-
Алматы әкімдігі әлеуметтік нысандардың құрылыс мерзімін бақылауды күшейтті
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданындағы әлеуметтік нысандардың құрылысы мен қайта жаңғырту барысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
02.10.2025
-
Астанада бет-әлпетті танитын ақылды камералар орнатылмақ
Мәжілісте “Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту” тақырыбындағы парламенттік тыңдауда Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордада ақылды бейнебақылау камералары орнатылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
26.09.2025
-
Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидалары әзірленді
Алматыда ауаның ластануын азайту және көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы жүзеге асуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
25.09.2025
-
Жаңбыр жауса көлік батады: Алматыдағы Аманжол көшесіндегі мәселе қашан шешіледі
Жаңбыр жауса асфальт шөгіп, көліктер бататын Алматыдағы Аманжол көшесіндегі мәселе қашан шешіледі? Бұл сұраққа қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев жауап берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
23.09.2025
-
Толассыз жаңбыр: Алматы тұрғындарына ескерту жарияланды
Алматыда 23 қыркүйектен бастап 24 қыркүйектің таңына дейін нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты барлық коммуналдық және жедел қызметтер тәулік бойы кезекшілікке көшті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
23.09.2025
-
Тарихи жеңіс: Шымкент әкімі чемпиондарды құттықтап, пәтер мен автокөлік кілттерін табыстады
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков әлем және Азия чемпиондарын құттықтап, автокөліктер мен құнды сыйлықтар табыстады. Қазақ спортшыларының тарихи жеңісі ел абыройын асқақтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.09.2025
-
Маңғыстауда әкім орынбасарлары ұсталды
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің қызметкерлері өңір әкімдігінің қолдауымен есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен Мұнайлы ауданының үш тұрғынын ұстады. Күдіктілердің қатарында Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары мен Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
18.09.2025
Наверх