Таеквондодан жастар ойыны: командалық есепте Алматы облысы топ жарды

21 Мамыр 2021, 06:51
1528
Бөлісу:
Таеквондодан жастар ойыны: командалық есепте Алматы облысы топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда таеквондодан V жастар ойыны мәресіне жетті. Olympic.kz турнир қорытындысын ұсынды. 

Жалпыкомандалық есепте Алматы облысы топ жарды. Аталған өңірдің спортшылары 5 алтын, 7 күміс және 4 қола жеңіп алған.

Екінші орында 3 алтын, 3 күміс және 6 қола жеңіп алған Алматы қаласының таеквондошылары тұр.

Үздік үштікті 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медалі бар Шымкент қаласы иеленген.

Айта кетелік, жастар ойының ізін ала елордада кадеттер арасындағы Қазақстан біріншілігі басталады.

Өзгелердің жаңалығы