Таеквандо федерациясы үміт эстафетасын бастады

9 Тамыз 2020, 12:34
1356
Бөлісу:
Таеквандо федерациясы үміт эстафетасын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы жанкүйерлер мен спортшыларды "Таеквондо үміті" эстафетасына қатысуға шақырды, деп хабарлады olympic.kz. 

Онлайн-кампанияның басты мақсаты – коронавирус індеті кезінде адамдардың үмітін ояту. Аталған идея Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының көрсетілім командасына тиесілі. Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Чхунвон Чоу да эстафетаға қатысады. Ол "COVID" атауы жазылған ағаш тақтайды сындырмақшы. 
Шын мәнінде, бұл бәріміз үшін қиын кезең. Біз үйде жаттығудамыз. Десе де, біз бәріміз бір жанұямыз. Қауіпсіздікті сақтап, мықты қалыптан танбаңыздар. Жақын арада көрісеміз, - дейді федерациясының президенті. 
Эстафетаға кез келген адам қатыса алады. Өз видеоңызды Facebook және Instagram немесе электронды почта арқылы жібере аласыздар.   



Өзгелердің жаңалығы