Табысты декларациялау кезінде мемлекеттік қызметшілер қандай қателіктерге жол берген?

2 Ақпан 2023, 14:48
1045
Бөлісу:
Табысты декларациялау кезінде мемлекеттік қызметшілер қандай қателіктерге жол берген?
Фото: ult.kz

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр «Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік қызметшілер  декларация тапсыру кезінде олқылықтар анықтады ма?» деген сұраққа жауап берді. 

Жалпыға бірдей декларациялау мемлекеттік қызметкердің олқылықтарын анықтау үшін жүргізілмейді. Бұл алғашқы кіріспе декларация. Олқылықтар кездескен күннің өзінде біз оларға оны түзету жолдарын көрсеттік. Бұл ертең екінші мәрте декларациялауды енгізгенде мемлекеттік кірістер органдарында азаматтарымызға, мемлекеттік қызметшілерге сұрақ болмасы үшін қажет. Кішігірім олқылықтың өзін қалай түзетіп, дұрыстау қажеттігін айттық. Оның үстіне, ақпараттық жүйеміз жетілдірілуде. Барлығы автоматтандырылған түрде болғанын қалаймыз. Декларацияның 90 пайыздан астамы электрондық форматта тапсырылды. Осы көрсеткіштің 100 пайызға жетуі үшін жұмыс істейміз, - деді Қаржы министрі Сенат отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.  

Айтуынша, декларация тапсыру кезінде кішігірім олқылықтар кездескен. 

Жалақыларын дұрыс көрсетпеген жайттар кездесті. Егер бір адам бірнеше рет қайталап толтырса немесе дұрыс толтырмаса, оны да түзетудің жолдарын ескертіп отырдық. Көбінесе техникалық қателіктер болды, - деді Ерұлан Жамаубаев.   

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде табыс пен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізілді

Өзгелердің жаңалығы