Тәжікстанда Президент сайлауы басталды

11 Қазан 2020, 09:44
1046
Бөлісу:
Тәжікстанда Президент сайлауы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбіде Тәжікстанда президенттік сайлауда дауыс беру басталды. Жергілікті уақыт бойынша 06.00-де бүкіл ел бойынша 3 375 учаске ашылды, деп хабарлайды ТАСС.

Дауыс беру 20.00-де аяқталады. 

Мемлекет басшысы лауазымына бес кандидат үміткер болып отыр. Олардың арасында тәуелсіз кәсіподақтар федерациясы, жастар одағы және Тәжікстанның халықтық демократиялық партиясы ұсынған қазіргі президент Эмомали Рахмон бар. 

Сондай-ақ, сайлауға социалистерден Абдухалим Гаффорзода, Тәжікстанның экономикалық реформалар партиясынан Рустам Рахматзода, коммунистерден Миродж Абдуллоев және аграршылардан Рустам Латифзода қатысады. 

Шетелде дауыс беру үшін 29 елде 39 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Олардың бесеуі Ресейде ашылады.

Өзгелердің жаңалығы