Төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

6 Қараша 2019, 07:33
1575
Бөлісу:
Төрт қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбіде еліміздегі 4 қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Бүгін Ақтөбе, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында ауа сапасы нашарлайды. Өзге шаһарларда атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы