Түркияның Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға көңіл айтты

27 Желтоқсан 2019, 23:52
3204
Бөлісу:
Түркияның Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты қазақстандықтарға көңіл айтты.

Бүгін, 27 желтоқсан күні таңертең Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақтың апатқа ұшырағанын және ұшақ бортындағы адамдардың жарақат алып, қаза тапқанын естіп, қатты қайғырдық. Дос және бауырлас Қазақстан халқының қайғысына ортақтасып, апатта қаза болғандарға Алладан рақым тілейміз. Олардың жақындарына көңіл айта отырып, сабыр тілейміз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіреміз,- делінген хабарламада.
Айта кетсек, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылында апатқа ұшыраған. Апат салдарынан 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керектігі айтылды. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр. Сол апатта Informburo.kz редакторы Дана Круглова қайтыс болды. Болған жағдайға байланысты Bek Аir авиакомпаниясының лицензиясы тоқтатылды. Мемлекет басшысының бұйрығымен 28 желтоқсан еліміз бойынша қаралы күн деп жарияланды. Ал ұшақ бортындағы экипаждардың есімдері белгілі болды

Өзгелердің жаңалығы