Түркістанда құран жарысы өтті

7 Қаңтар 2020, 06:38
1755
Бөлісу:
Түркістанда құран жарысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толады. Мерейтойға орай Түркістан облысы бойынша аудандық мешіттердің ұйымдастыруымен 30 жарыс өткізу ұйғарылды. 

Алғашқы құран жарысы Келес ауданында өтті.

Оған Сарыағаш, Келес, Жетісай аудандарынан 6-12 жас аралығында 50 шәкірт қатысып, құранның жарты, бір және үш парасын жатқа оқып, сайысқа түсті. Сауапты сайысқа дін жанашырлары – жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасады. Үш номинация бойынша 9 жеңімпаз іркіліп шықты. Бірінші орынға 100 000 теңгеден қаржылай сыйлықтар берілді.

Өзгелердің жаңалығы