Түркістан облысында көп балалы отбасылар медициналық тексеруден өтті

2 Наурыз 2019, 17:14
1784
Бөлісу:
Түркістан облысында көп балалы отбасылар медициналық тексеруден өтті
Фото: автордан

Шымкент қаласы және Түркістан облысы, BAQ,KZ тілшісі. Жетісай аудандық орталық ауруханасына қарасты бірнеше ауылдық емханада “Анаға тағзым” атты көпбалалы аналарды қолдау мақсатында “Ашық есік” күні өтті. 

Жетісай қалалық емханасы мен Мырзашоқы және Жылысу ауылдық емханаларында ауқымды шараға мыңнан астам халық медициналық тексеруден өтіп, дәрігерлік көмек алды. Көп балалы аналар мен олардың балалары медициналық тексерудің сан алуан түрінен өтіп,  зертханалық талдаудан, ультрадыбыстық  тексеруден де  өткізілді.

Шалғайда орналасқан Мырзашоқы ауылының халқы үшін жылжымалы медициналық кешен қойылды. Ал өздігінен жүре алмайтындарға аурухана басшылығы тарапынан арнайы көлік ұйымдастырылды.

Балалар невропатологы, хирург, кардиолог, акушер-гинекологтар, жалпы тәжірибелі дәрігерлер мен балалар дәрігерлері психолог және әлеуметтік қызметкерлер қабылдау жүргізді. Қаралуға келген барлық анаға ақпараттық танымдық парақшаларын таратып, ана мен бала денсаулығының маңызды екенін, оның ішінде арнаулы екпелерді уақытылы алуы керектігін және тұмау, қызылша, кене, міндетті әлеуметтік сақтандыру және Даму Мед тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жетісай қалалық емханасы мен Мырзашоқы және Жылысу ауылдық емханаларында 800 - ден астам көпбалалы ана мен 200 - ге жуық балаға медициналық тексеру жасалды.

Олардың ішінде 60-қа жуық “Алтын алқа”, “Күміс алқа” иелері дәрігерлік тексеруден өтті. Медициналық тексеру нәтижесінде үш емханаға қарасты 162 адамнан әртүрлі деңгейдегі ауру түрлері анықталды. Олардың барлығы тиісті емін алып, дәрігер бақылауына алынды. Сондай-ақ тексеруге келген барлық көпбалы аналарға сый-сияпат, балаларға ойыншықтар таратты. Аналар ақ халаттыларға өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Іс-шара барысында Жетісай аудандық ауруханасының бас дәрігері міндетін уақытша атқарушы Нуржамал Шұлғауова дәрігерлік амбулаторияға тексерілуге келген көпбалалы аналармен жүздесіп, тұрғындардың денсаулығын жақсарту бағытындағы қолға алып отырған жаңа бастамалармен таныстырып, осы мақсатта аурухананың атқарылып жатқан жұмыстары айтылды. Көпбалалы аналар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы