ТЖ министрі Сырым Шәріпханов "Қазақстан" шахтасында жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта екі зардап шегушіні іздеу жұмыстары жүргізілуде және
жергілікті Д-6 көмір конвейерлік еңісте жану ошақтарын сөндіру жалғасуда.
Өрт сөндірушілердің авариялық қазбалардың жанындағы жұмысы жоғары температура мен үздіксіз түтіннің себебінен қиындай түсті. Сондай-ақ, қазбаны салқындату бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
ТЖ министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысын тұрақты бақылауда ұстайды.
Сырым Шәріпханов іздестіру жұмыстарына тартылған тау-кен құтқарушылары үшін қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды.