Сынып жетекшілерінің үстемақысы қашан артуы мүмкін?

Министрлік бұл мәселе қаралып жатқанын мәлімдеді.

Бүгiн 2026, 19:23
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 19:23
Бүгiн 2026, 19:23
127
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

ОКҚ алаңында өткен брифингте сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақы көлемін арттыру мәселесі көтерілді. Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова бұл ұсыныс қазір қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер сынып жетекшілеріне берілетін үстемақыны көбейту мәселесі бірнеше рет көтерілгенін атап өтті. Сондай-ақ бұған дейін министрлікке тиісті ұсыныстар жолданғаны айтылды.

Осыған байланысты қосымша төлемді арттыру бойынша нақты шешім бар ма деген сұрақ қойылды.

Министрлік өкілінің айтуынша, қазіргі таңда сынып жетекшілеріне қосымша ақы төленеді. Алайда оны ұлғайту мәселесі әлі қаралып жатыр.

Бұл мәселе қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігінде қарастырылып жатыр. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданды. Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады, - деді Ақпарова.

Бұған дейін мұғалімдерге қосымша ақы төленетіні белгілі болды. 

Сондай-ақ мұғалімдердің еңбек демалысы 56 күнге дейін ұзартылды.

Наверх