Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының аға офицеріне қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр

7 Наурыз 2022, 11:02
1691
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының аға офицеріне қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының бұйрығына сәйкес, Агенттіктің жеке қауіпсіздік департаменті Қарағанды облысы бойынша Агенттік департаментінің Жезқазған аймағы бойынша ауданаралық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының аға офицері Д.Т. Кудикеновтың заңсыз іс-әрекеттері фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізуде.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі (мас күйінде ЖКО жасау), 611-бабы 2-бөлігі (ЖКО орнын қалдыру) және 613-бабы 1-бөлігі (көлік құралын тоқтату бойынша полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау) бойынша Д.Т. Күдекеновке қатысты әкімшілік материалдар қарастырылуда.
2022 жылғы 7 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Д.Т. Кудикенов "Пневмония" диагнозымен ауруханада жатыр, - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.


Осыған байланысты, "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабы 4-тармағына сәйкес Д.Т. Кудикеновке қатысты қызметтік тергеу тоқтатылды. Ол жұмысқа шыққаннан кейін қызметтік тергеу қайта басталып, Д.Т. Кудикеновке қатысты тиісті шешім қабылданады.

 

 

Өзгелердің жаңалығы