Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жаңа тағайындаулар болды

25 Шілде 2019, 16:11
2284
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жаңа тағайындаулар болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев департамент басшыларын тағайындады. 

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов жаңа басшыларды жұртшылыққа таныстырды. 

«Агенттік миссиясы – Қазақстан халқының амандығы үшін сыбайлас жемқорлықты жою. Агенттік кәсіби, ашық, тиімді, және азаматтарды сыбайлас жемқорлықтан қорғай алатын жұмысы нәтижелі болуы тиіс. Агенттік құндылықтары - әділдік, адалдық және сенім. Қайта құрылған Агенттік сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға баса мән береді. Бұл – превенция департаменті, адалдық департаменті және серіктестік департаменті», - деді Бектенов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы лауазымына Қуаныш Жапақов тағайындалды. Бектеновтың сөзінше, ол мемлекеттік органдарда әртүрлі басшылық қызметтерді атқарған, соның ішінде Агенттікте де. Соңғы рет Президент әкішілігінде жұмыс істеген. 
Превенция (алдын алу) департаментін Анар Жарова басқарады. Ол 20 жылдан астам уақыт құқық қорғау органдарында қызмет атқарған, сараптамалық жұмыста үлкен тәжірибесі бар. 

Серіктестік департаментін Кембридж университетінің түлегі, философия ғылымдарының докторы Лейла Йылдыз басқарады. Зерттеу-сараптамалық жұмыста үлкен тәжірибесі бар. 

Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы – Есқали Саламатов. Құқық қорғау органдары қызметінде үлкен жұмыс өтілі бар. Президент әкімшілігінде жұмыс істеді. 

Кадрлық жұмыс департаментінің басшысы – Нұрлан Жақсымбетов. Ал өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы болып Мұрат Қарымсақов тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы