Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы орынбасарлары тағайындалды

12 Қазан 2023, 16:42
724
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы орынбасарлары тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының өкімдерімен: Ұлан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды; 

Мақсат Мырзаханұлы Жебегенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. 
 

Өзгелердің жаңалығы