Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалай қалыптастыру керек?

16 Қазан 2020, 12:42
2114
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалай қалыптастыру керек?
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің серіктестік департаментінің директоры Расул Медетов онлайн өткен баспасөз конференциясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтты.


Агенттік жанынан құрылған алғашқы қоғамдық институт Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша Арнайы мониторингтік топ құрды. 2015 жылы құрылған ол 5 жыл ішінде нақты және Азаматтық бақылау институтына айналды, республикалық және жергілікті деңгейде мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін дамытуға елеулі үлес қосты, - деді ол. 

сыба1.jpeg

Медетовтың айтуынша, екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы елдік қозғалысқа айналған «Адалдық алаңы» бағдарламасы күн сайын үлкен танымалдылыққа ие болып отыр.

Елордада басталған және Елбасының тапсырмасы бойынша бүкіл елге ауқымды бұл жоба тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытудың жалпыұлттық идеясын ілгерілетудің толыққанды брендіне айналды. Бұдан басқа, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері шеңберінде мемлекеттік органдарды ауқымды трансформациялау, олардың қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшуі бастамашылық етілді, - деді ол. 

Медетовтің айтуынша, Агенттік бүгінде Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде халықпен сындарлы диалогты қамтамтасыз етеді.

Қоғам мен Антикордың күш-жігерінің синергиясы жоғары деңгейде естіліп, байқалды, нәтижесінде Мемлекет басшысы «қоғамдық бақылау туралы» Заңды әзірлеу және қабылдау туралы бастаманы қолдады. Оның қабылдануымен ашықтық, бақылауда болу, мемлекеттің қоғамға есептілігі есебінен сапалы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің жаңа кезеңі басталады, - деді Медетов.




Өзгелердің жаңалығы