«Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» компаниясы жауапкершілікке тартылды

24 Қараша 2023, 16:12
429
Бөлісу:
«Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» компаниясы жауапкершілікке тартылды
Фото: БКДА

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті прокуратура органдыларымен бірлескен тексеріс өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нәтижесінде «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-нің (әрі қарай - ЖШС) іс-әрекетінде өзінің үстем немесе монополиялық жағдайын теріс пайдалану бөлігінде, оның ішінде мәні бірдей келiсiмдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану, нарықтың басқа субъектiлерiне тауар нарығына кiруге немесе тауар нарығынан шығуға кедергiлер жасау және контрагентке шарт нысанасына жатпайтын, экономикалық немесе технологиялық тұрғыдан негiзсіз шарт талаптарын күштеп таңу бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін анықтады.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған сотының қаулысымен ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 324 млн. теңгеден астам мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Өзгелердің жаңалығы