«Сүйекші» моноспектаклі көрерменге жол тартады

26 Қыркүйек 2023, 14:11
1579
Бөлісу:
«Сүйекші»  моноспектаклі көрерменге жол тартады

Бір шаңырақты аңсатып дүниеге келген, қуанышы, үміті, болашағы болған - Тұңғыш еді...

Тұңғыш, Аманат, Үндемес, Кеңкелес кім? Бір ғана кейіпкердің осыншама атқа ие болған аз ғана ғұмырында көрген азабы мен мазағы, қан жылаған қайғысы мен уайымы, жеңілістен тұратын зұлым тағдырын осы есімдерінен-ақ аңғаруға болатындай. Естігенде тәнің түршігетін Сүйекші атауын иемденген ішкі жан дүниесінің тоз - тозы шыққан Тұңғыштың басындағы мұң - зары, баянсыз ғұмыры суреттеледі.

Сатира театрының тарланы, атақты әзілкеш, Мәдениет қайраткері – Жүсіп Ақшора алғаш рет трагедия жанрында. Сахнада бастан аяқ жалғыз өзі моноспектакльге тәуекел етті...

Қоюшы режиссер: Ғазиз Арынов

Сүйекші роліндегілер: Мәдениет қайраткері – Жүсіп Ақшора, Мәдениет саласының үздігі - Садық Жакипов

Қоюшы суретші: Жомарт Дүйсебеков

Сазбен әрлеуші: Дәулет Орынбаев

Киім үлгісін жасаушы: Ержан Досанов

Театрдың көркемдік жетекшісі: Арман Алиев

Өзгелердің жаңалығы