Сүт өндірушілердің мәселесі қалай шешіледі

21 Мамыр 2024, 15:25
294
Бөлісу:
Сүт өндірушілердің мәселесі қалай шешіледі
Фото: BAQ.KZ -архив

Ресейден әкелінетін арзан сүт өнімімен бәсеке бола алмай жүрген павлодарлық кәсіпкерлердің мәселесін шешуге Солтүстік Қазақстан облысындағы зауыт өкілдері атсалысуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Осылайша, өңірде осы уақытта пайда болатын мол шикізатты өткізу мәселесі шешілмек.

Республикалық «Қазақсүт» қауымдастығы директорының орынбасары Берік Нығмашевтың айтуынша, елімізде сүт өндірушілерін 2,5%-дық мөлшерлемемен қаржыландыратын мемлекеттік бағдарлама бар. Алайда, жергілікті шикізатта өткізу мәселесі шешілмесе, бағдарлама нәтиже бермеуі мүмкін.

Осы уақытқа дейін сүт нарығында мониторинг жүргіздік. Елімізде импорттық тауарды әкелуге рұқсат бар. Дегенмен, өнім талапқа сай болуы шарт. Тексеріс барысында былтыр жұмысын салғырт жүргізеген үш компанияның жұмысын тоқтаттық. Енді сауда желілерінде жергілікті өнімді саудалау шарттарын бойынша заңға өзгертулер енгізуді қолға алмақпыз. Жуықта сүтті қайта өңдеу бойынша үкіметтік сағат өтеді. Біз тиісті материалдарды әзірлеп, сала проблемаларын көтереміз. Қазіргі уақытта супермаркеттерде сүт тауарларының кем дегенде 30%-ы отандық өнім, ал қалғаны кез келген елдің өнімі бол алады деген ереже бар. Біз бұл ара қатынасты теңестіру немесе керісінше өзгертуді ұсынамыз, - дейді Берік Нығмашев.

Стратегиялық мәселені шешудің тағы бір жолы – отандық сүт зауыттарын тарту.

Петропавлдық сүт зауытымен кездесу өткіздік. Кәсіпорын өкілдері павлодарлық шикізатты сатып алу мүмкіндігін қарастырмақ. Өйткені, алдағы уақытта зауыт өндірістік қуаттылығын арттырып, таман өнімдерін шығаратын алып холдинг құрамыне енбек. Оларға қосымша өнім қажет, - дейді жергілікті кәсіпкерлер палата өкілдері.

Өзгелердің жаңалығы