Сұлтанов сауда қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

26 Шілде 2020, 12:37
2353
Бөлісу:
Сұлтанов сауда қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында сауда саласында қызмет етіп жүрген әрбір маманды кәсіби мерекесімен құттықтады.

Министр сауда экономиканың маңызды секторларының бірі екенін айтты.

Сауда саласында қызмет істеп жүрген барлық тұлғаның кәсіби мерекесі - Сауда қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
​Сауда - экономиканың маңызды секторларының бірі. Сауда жағдайына сәйкес, елдің экономикалық дамуын, халықтың өмір сүру деңгейін бағалауға болады. ​Қазақстанда бұл салада бір жарым миллионға жуық адам жұмыс істеуде. Олардың арасында көптеген кәсіпқой бар, олар өз ісінің мамандары, жұмыс істеуді білетін адамдар. Сауда қызменкерлерінің күш-жігерінің арқасында бұл сала дамып, ел бюджеті толықтырылуда және де тауарлар мен қызметтердің түрлері кеңеюде, халыққа қызмет көрсетудің заманауи форматтары енгізілуде, жаңа супермаркеттер мен қоғамдық тамақтандыру орындары ашылуда, әлеуметтік бағыттағы кәсіпорындар желісі дамуда, жаңа жұмыс орындары ашылуда, - деді ол.
Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов пандемия салдарынан биыл сауда саласында қандай өзгерістер болғанын айтып өтті.
Ия, пандемия осы жылы сауда саласының жағдайы мен болашағына көптеген өзгерістерді еңгізуде. Ішкі және халықаралық деңгейде сауда секторы шекаралардың жабылуы және жаппай карантин салдарынан зардап шекті.
Бірақ біз бәріміз "коронавирус кезеңінен" жаңа тәжірибемен, жаңа біліммен және жаңа заманауи сауда форматтарымен шығатынымызға сенімдімін: біздің ел үшін пандемия электронды сауданың жаппай дамуы, тауарларды жеткізетін жаңа компаниялардың пайда болуы, қолма-қол ақшасыз төлемдердің танымалдылығының артуына себеп болды, - деді министр.

Сауда және интеграция министрі карантин кезінде ақ халаттылармен қатар қызмет етіп жүрген барлық сауда қызметкеріне алғысын білдірді.

​Халықты қажетті тауарлармен қамтамасыз ету үшін қиын карантин жағдайында дәрігерлермен қатар жұмыс істеп жүрген барлық сауда қызметкерлеріне алғыс айтамын. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, жанұяларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, сарқылмас қуат, жақсы істерде табыс, шынайы қиын жұмысыңызда жаңа идеяларды жүзеге асыруды тілеймін, - деп қорытындылады Сұлтанов.
Өзгелердің жаңалығы