Сұлтанов бірнеше қуанышты жаңалықпен бөлісті

26 Мамыр 2022, 17:15
1798
Бөлісу:
Сұлтанов бірнеше қуанышты жаңалықпен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екеуі де экспортқа қатысты. Мемлекет басшысы сыртқы сауданы дамытуға үлкен көңіл бөліп отыр, ал үкімет жұмысының алға қойған мақсаттарының бірі – экспорт көлемін ұлғайту. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов facebook-тегі парақшасында жазды. 

 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорт көлемін 41 млрд долларға жеткізуді көздейміз. Жылдың алғашқы үш айында біз бірқатар негізгі сауда серіктестерімізбен тауар айналымын едәуір ұлғайттық. Еуроодақ елдерімен өзара сауда көлемі өткен жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда шамамен 55,2% - ға өсті. АҚШ - 35,6%, Қытаймен - 25,1%. Өсім шикізат және өңделген тауарларда да байқалады. Келесі жаңалық бізге шетелге жеткізетін тауарлардың тізімін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бүгін біз БАӘ халықаралық аккредиттеу орталығынан Халал өнімдерін сертификаттауды жүргізу құқығымен Қазстандарт зертханасын аккредиттеу туралы ресми құжат алдық, - деді ол. 

Сұлтанов ел ішінде Халал халықаралық сертификатын алу мүмкіндігі экспортты арттыруға ынталандыратынына сенетінін айтты. 

Егер қазір кәсіпорындар халал сертификатын алу үшін (импорттаушы елде) партияға $7 мыңнан $30 мыңға дейін жұмсаса, Қазақстандағы сертификаттау құны сериялық өндіріске 700 мың теңгеден ($1,5 мың) басталады, ал партияға 90 мыңнан 700 мыңға дейін.Бұл зертхананың сертификаттау нәтижелері Парсы шығанағындағы барлық араб мемлекеттерінің (Бахрейн, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы) аумағында мойындалатын болады. Сонымен қатар экспорт көлемін басқа аймақтарға, мәселен Иран, ТМД, Түркия және т.б. елдерге ұлғайта аламыз. Айта кетсек, Қазақстанда халал өнімдерін шығаратын 4200-ден астам өндірушілер бар: тамақ өнімдері, тоқыма, фармацевтика, тұрмыстық химия және косметика, - деді ол. 

Министр атағандай, әлемде халалға деген сұраныс үлкен. 

Халал өнімдерінің импорты 1,7 трлн доллардан асады, ИЫҰ елдерінде импорт көлемі 250 млрд-қа жетеді, айта кетерлігі, үш ірі импорттаушы елдің қатарынла Сауд Арабиясы, БАӘ және Египет бар. 2024 жылға қарай әлемдік халал тауарлар нарығы 2,4 трлн долларға жетеді деп жоспарланып отыр. Біз осы триллионның ішінде қазақстандық үлес басым болуы үшін барлық жағдайды жасаймыз. Айтпақшы, біздің зертхана ЕАЭО пен Орталық Азиядағы халықаралық талаптар бойынша аккредиттелген жалғыз зертхана болып табылады. Демек біз Халал бойынша өңірлік хабқа айналудамыз. Азия, ЕАЭО және ТМД елдерінің кәсіпкерлері өз өнімдерінің сәйкестігін бағалау және Парсы шығанағы елдерінің нарығына шығу үшін біздің зертхананы пайдалана алады,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы