Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сотының судьясы әкімдік қызметкерлері арқылы екі азаматтан 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті ҚР Жоғарғы сотының Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлескен кешенді арнайы жедел-іздестіру шаралары және жасырын тергеу әрекеттері нәтижесінде облыстың Жаңаөзен қалалық соты судьясының парақорлық фактісін анықтады.
«Лауазымды тұлға Жаңаөзен қаласы әкімдігінің Жаңаөзен жер қатынастары бөлімінің талап қоюын қараусыз қалдыру туралы өкім шығару бойынша мәселені оң шешу үшін делдал – Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қызметкері арқылы екі азаматтан 500 мың теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуып отыр», - дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин.
Ол тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.
Бұған дейін Сапасыз консервіленген етті сатуды ұйымдастырған комитет төрағасы 600 млн теңге залал келтіргені және Атыраулық мәдениет саласындағы шенеуніктер сыбайлас жемқорлық фактісімен ұсталғанын, Астана су арнасының бұрынғы басшысы парамен ұсталғанын туралы хабарлағанбыз.