Сапасыз консервіленген етті сатуды ұйымдастырған комитет төрағасы 600 млн теңге залал келтірген

4 Сәуір 2019, 16:51
3162
Бөлісу:
Сапасыз консервіленген етті сатуды ұйымдастырған комитет төрағасы 600 млн теңге залал келтірген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік материалдық резервтік комитеті төрағасының лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактісі анықталды. Бұл туралы Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мәлімдеді.

«Резервтің сақталуындағы сиыр етінің консервіленген тушенкасы мемлекеттік стандартқа сәйкес келмейтіндігін сапасыз және құрамы сиыр етінің орнына соя еті бар екенін біле тұра ол 2018 жылы адал сатып алушы кәсіпкерлерге олардың іске асыруын ұйымдастырған. Бұл кәсіпкерлердің мүдделеріне 600 млн теңгеден астам сомада залал келтірілген. Сот санкциясы бойынша күдіктіге қатысты үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды", - деді Бердалин.

2015 жылы аталған консервілер комитетке СҚО-дағы бір өндірушісімен жеткізілген. Мемлекетке 1,8 млрд сомасында залал келтірілген. Компания өндірушісінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот санкциясы бойныша күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.
Өзгелердің жаңалығы