"Ол – тиран". Сотта Нүкенованың көмекшісі тың дерек айтты

10 Сәуір 2024, 14:12
1127
Бөлісу:
"Ол – тиран". Сотта Нүкенованың көмекшісі тың дерек айтты
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Бишімбаевтың сот отырысында Салтанат Нүкенованың көмекшісінен жауап алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Анар Тасова Нүкенованың көмекшісі болып 3 жыл қызмет атқарған. Ол Нүкенованың күйеуімен қарым-қатынасы туралы сұраққа жауап берді. Тасованың сөзінше, Бишімбаев Нүкенованың жүрген жерін геолокация арқылы қарап отырған.

Сонымен қатар куәгер Салтанат Қуандыққа тұрмысқа шыққанға дейін жақсы табыс тапқанын, яғни айына шамамен 3-4 миллион теңге екенін атап өтті. 

Салтанаттың көңіл күйі жоқ еді. Оның мойнында қолдың, жіптің іздері болды. Денесінің сол жағы түгел көгерген. Оның денесіндегі соққының іздерін көріп, менің де көңіл күйім түсіп кетті. Бірнеше рет әжетханаға барып жылап алдым. Ол әңгіме барысында "Қуандық - тиран, 24/7 қасымда, құрбыларыммен, әпкелеріммен араласуға тыйым салады. Үнемі соның қадағалауындамын, маған жұмыс істеуге рұқсат бермейді" деді. Оның жұмысын қалай жақсы көретінін білгендіктен, маған да бұны есту ауыр болды, - деді марқұм Нүкенованың көмекшісі.

Еске сала кетсек, бұған дейін сотта Салтанаттың құрбысымен диалогы оқылған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы