Суданда атыс-шабыстан 9 бала қаза тапқан

22 Сәуір 2023, 08:40
879
Бөлісу:
Суданда атыс-шабыстан 9 бала қаза тапқан
Фото: azh.kz

ЮНИСЕФ өкілдері Судандағы балалардың жағдайына алаңдаулы. Себебі атыс-шабыстан қазір балаларға көп қауіп төніп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Шығыс Африкадағы бұл елде қарулы қақтығыс жалғасып жатыр. Атыс-шабыс салдарынан 9 бала қаза тауып, 50-ден астамы жараланды. Бірнеше күн ішінде 400-ден аса тұрғын мерт болған. Әсіресе ел астанасы Хартумдағы ахуал күрделі. Қалада жарық жиі өшіріліп, дәрігерлер қиын жағдайға тап болған, жарықтың болмауынан тоңазытқыштағы дәрі-дәрмек бүлініп жатыр.

Қарулы қақтығыстан әсіресе балалар қатты зардап шегіп отыр. Тойып тамақ ішпейтін, сондай-ақ тәулік бойы күтімге мұқтаж 50 мың кәмелетке толмаған бар. Солардың барлығы аса маңызды көмектен қалыс қалып отыр. Бірақ оларға гуманитарлық көмек көрсете алмаймыз. Өйткені қызметкерлеріміздің қауіпсіздігіне алаңдаймыз, - дейді ЮНИСЕФ баспасөз хатшысы Джеймс Элдер.

Өзгелердің жаңалығы