Кез-келген азамат gosagro.kz жүйесіне кіру арқылы ауыл шаруашылығындағы фермерлерге қандай суммаға субсидия берілгенін көре алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.тілшісі.
Бұл туралы ақпарттық жүйенің таныстырылымы барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік қызметтерді дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру департаментінің директоры Бернат Алпысбеков айтты.
Енді фермерлер егіс алқабының көлемін жай ғана өлшеп, шекарасын қолмен сыза алмайды. Нақты қанша гектар жер бар екенін ғарыштық мониторинг анықтайды. Бұрынғы «Qoldau» жүйесінде жерді игеруде дұрыс ақпарат көрсетілмеген. Яғни, фермер қолмен енгізген егістік карталарындағы жерлер іс жүзінде игерілмеген.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, ескі жүйенің неғұрлым жабық болғанын, бүгінде бөлінген субсидиялар мен тағайындалған ауыл шаруашылығы көлемі арасындағы сәйкессіздік фактілері анықталған. Мәселен өтініште 200 гектар жер көрсетілген болса, іс жүзінде 22 гектары ғана ауыл шаруашылығы мақсатында жүзеге асқан.
Субсидия берілмей жатыр, портал дұрыс жұмыс істемейді, ешқандай қызмет ала алмай жатырмын деп арнайы Түркістан облысынан келген шаруа болды. Біз оның мүмкін емес екенін айттық. Өзімен бірге порталды ашып көрген кезде, тіпті тіркелмегенін көрдік. Шын мәнінде портал штаттық режимде жұмыс істеп тұр,- дейді Бернат Алпысбеков.
Оның айтуынша, жүйемен жұмыс істеуді үйрететін 6 телеграмм-бот дайындалып жатыр. Алдағы уақытта оқыту жүйесін әзірлеуші мамандарды ең бірінші оңтүстік өңірлерге жібереді.
Сондай-ақ, кез келген фермер субсидия алу кезінде қалаған уақытында жүйеге кіріп өтініш қалдыра алады.