Суару маусымы. Түркістанда 600 шақырымнан аса канал тазаланды

3 Мамыр 2024, 19:42
419
Бөлісу:
Суару маусымы. Түркістанда 600 шақырымнан аса канал тазаланды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

"Қазсушар" мекемесінің Түркістан облыстық филиалы суару маусымына дайындық аясында өз қарамағындағы каналдардың 600 шақырымнан астам жерін механикалық әдіспен тазалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жұмыс егіс алқаптарына су жеткізу сапасын жақсарту және каналдардың су өткізу мүмкіндін арттыру үшін жасалады.

Бұдан бөлек, мемлекетаралық «Ханым» каналының 18 шақырымға жуық бөлігіне механикалық тазалау жұмысы жүргізіліп, 20 мың текше метр лай тұнбасы шығарылды.

Филиал қызметкерлері «Найман» каналының 7,5 шақырым бөлігін бетонмен қаптады. Ал, Түлкібас ауданында 77 шақырымнан астам канал бетондалады. Бүгінгі таңда 13 бірдей каналда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Егіс алқаптарына қосымша ағын су қажет болған жағдайда «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» каналы арқылы Шардара су қоймасынан су алынады. Ағын суды машиналық әдіспен көтеру үшін мұнда 10 насос іске қосылуға дайын. Жалпы ұзындығы 29 шақырым болатын канал 86 700 гектар жерге су жеткізе алады, - деді су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Әубәкіров.

Өзгелердің жаңалығы