Су тасқыны.Шалғай ауылдық аймақтарға көңіл бөлінбей отыр – министр

28 Ақпан 2023, 10:48
781
Бөлісу:
Су тасқыны.Шалғай ауылдық аймақтарға көңіл бөлінбей отыр – министр
Фото: Үкімет

Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей елді мекендерді су басу қаупінің алдын алуда қардың уақтылы шығарылуы маңызды. Бүгінгі таңда елді мекендерден 11 миллионнан астам текше метр қар шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 миллионға артық, – деді министр.

Ильннің айтуына қарағанда, жергілікті бюджет көбіне ірі қалалар мен облыс орталықтарына бөлінеді, ал шалғай ауылдық аймақтар назардан тыс қалып жатыр.

Жарылыс жұмыстары арқылы өзендердегі мұздың әлсіреуі де маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда өңірлерде әкімдіктер жарылыс жұмыстарын жүргізуге 35 шарт жасады, – деді Төтенше жағдайлар министрі.

Өзгелердің жаңалығы