Су тасқыны жұмыстарына 17,5 мың адам жұмылдырылды

8 Мамыр 2024, 15:53
405
Бөлісу:
Су тасқыны жұмыстарына 17,5 мың адам жұмылдырылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Үкіметтің баспасөз қызметі елімізде болған табиғи апат кезінде қанша қазақстандық құтқарушы, әскери мен полицей жұмыс істегенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ жедел штабының мәліметінше, су тасқыны басталғаннан бері еліміз бойынша апаттық-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктері бөлімшелерінің, Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері, жалпы саны 17,5 мың адам жұмылдырылған.

Су тасқынынан қорғау жұмыстарына 7 мыңға жуық техника, 1,1 мыңнан астам су айдау және 418 жүзу құралы, 38 әуе кемесі тартылды.

Өзгелердің жаңалығы