Су тасқыны: СҚО мен Петропавл қаласындағы жағдай қалай?

15 Сәуір 2024, 02:17
360
Бөлісу:
Су тасқыны: СҚО мен Петропавл қаласындағы жағдай қалай?
Фото: baq.kz

Республикалық ақпараттық штаб СҚО мен Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлевтің айтуынша, облыстағы жағдай әлі де күрделі. Сергеев су қоймасы 153% толып, су бөгет шыңынан 2 метр 83 см асты. Тәулік ішінде 20 см төмендеді.

Есіл өзенінде су деңгейі жоғарылауда, бірақ Петропавл қаласында, төменгі ағысында. Жоғарыда - біртіндеп төмендеп келеді, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Қазіргі сәтте облыста 1713 үй және 1115 үй маңындағы аумақтарды су басқан.

Петропавл қаласының Хромзавод және Ойқала шағын аудандарында тәулік ішінде 1050 үйді су басты. Олардан 4552 адам эвакуацияланды, олардың 957-сі бала. Өңір өкілінің айтуынша, екі тәулік ішінде Ойқала шағын ауданында құтқарушылар 100-ден астам ит пен 40-қа жуық мысықты эвакуациялаған.

Жалпы облыс бойынша 7477 адам эвакуацияланды, олардың 1852 бала.

Өзгелердің жаңалығы