Су тасқыны. СҚО-ға қосымша 32 арнайы техника жөнелтілді

15 Сәуір 2024, 14:00
189
Бөлісу:
Су тасқыны. СҚО-ға қосымша 32 арнайы техника жөнелтілді
VIDEO
Фото: скриншот

"ҚазАвтоЖол" СҚО-ға 32 бірлік арнайы техника жөнелтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 14 сәуірде "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Солтүстік Қазақстан облысына жолды және жақын елді мекендерді су алу қаупін алдын алу мақсатында әр филиалдан 32 бірлік арнайы техниканы (31 қотарғыш және 1 жүк тиегіш) жөнелтті. 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 13 сәуірде республикалық маңызы бар А-16 "Жезқазған-Петропавл, Арқалық арқылы өтетін" тас жолының 954-шақырымы және Р-49 "Петропавл қаласы айналма жолы" тас жолының 11 шақырымының қиылысында еріген қар суы мен тасқын салдарынан жол бөлігін су алды. Оның ұзындығы 1500 метрді. Ал тереңдігі 1 метрді құрады. 

Қазіргі таңда осы учаскеде "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жол қызметі күшейтілген режимде тасқынды алдын алу шараларын ұйымдастырып, суды ағызу, инертті материалдарды жеткізу және жасанды бұғаттау біліктерінің құрылыс жұмыстарын атқарып жатыр. Осы жұмыстарға 23 арнайы техника мен 63 адам жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы