Су тасқыны: СҚО-да жағдай күрделі

24 Сәуір 2024, 12:37
821
Бөлісу:
Су тасқыны: СҚО-да жағдай күрделі
Фото: ТЖМ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында СҚО Төтенше жағдайлар департаменті Ақпараттық-талдау тобының бас маманы Жазира Қожахметова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыста Сергеев су қоймасы 164 % толып, су бөгет шыңынан 3 метр 37 см-ге жеткен. Тәулік ішінде 19 см төмендеген.

Облысымыздағы жағдай әлі де күрделі.Антирекорд 2024 жыл-4 метр 25 см, 2017 жыл- 3 метр 38 см болған еді. Есіл өзенінде Қызылжар ауданының Новоникольское селосындағы гидробекетте су деңгейі 6 см көтерілді. Алайда жаңа да үйлерді су басу деректері тіркелген жоқ. Петропавл қаласында тәулік ішінде су деңгейі 11 см көтерілді. Долматово селосында (РФ шекарасында) бұл көрсеткіш 2 см көтерілді,-деді Жазира Қожахметова.

Казгидромет мамандарының болжамы бойынша, екінші толқын, бірінші толқындай көп су әкелмейді және де үйлерді су енді баспайды.

СҚО су тасқынының басынан бері 3419 үй су басты, оның 196 үйінен суға кетті. Қазіргі уақытта 3223 үй және 1116 үй маңындағы аула суда тұр. Жалпы облыс бойынша 14388 адам эвакуацияланды, олардың 3596 бала. Бүгінгі күнге, 764 адам үйлеріне қайтты, олардың 200 бала бар. Эвакопункттерде 906 адам , оның 159 бала орналасты. Ал 12718 адам (3237 бала) туысқандарына қайтып барды. Сондай-ақ, 5323 бас мал қауіпсіз жерлерге көшірілсе, 447 иелеріне қайтарылды,-деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы