Су тасқыны салдарынан 6,8 мың бас мал қырылды – АШМ

12 Сәуір 2024, 18:53
586
Бөлісу:
Су тасқыны салдарынан 6,8 мың бас мал қырылды – АШМ
Фото: ОКҚ

Атап айтқанда, Қостанай облысында 23 мың бас, Ақмола облысында 22 мың бас, Ақтөбе және Атырау облыстарында 20 мың бас, Батыс Қазақстан облысында 4,8 мың бас. Жұмыс қажеттілігіне қарай жалғасады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР АШМ ресми өкілі Олжас Тілебалдин айтты,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Залалды өтеу және деректерді салыстыру жөніндегі комиссия жұмысынан кейін су тасқыны нәтижесінде өлген 6,8 мың бас ауыл шаруашылығы жануары расталды. Оның 75% – ұсақ мал.

Министрліктің республикалық эпизоотикаға қарсы жасағы облыс әкімдіктерімен бірлесіп өлген жануарларды жинау және жою жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі таңда мал өлекселелерінің 96% жойылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және зардаптарды жою жөніндегі республикалық штаб өлген малдың құнын өтеу туралы алгоритмді бекітті. Өтемақы алу мақсатында иелері залалды өтеу үшін жергілікті комиссияға жүгінуі қажет, - деді спикер.

Сондай-ақ ол еліміздің су басқан үш облысында сібір жарасы ауруының өлген мал көмілген 10 орын бар екенін айтты. Барлық учаскелерден топырақ сынамаларын алу үшін ветеринария және медицина мамандарынан тұратын арнайы жұмыс топтары жіберілді.

Әрбір сынама бойынша Республикалық ветеринариялық зертханада және ветеринария бойынша Ұлттық референттік орталықта сібір жарасына қарсы ПТР талдаулары мен бактериологиялық зерттеулер жүргізілді. Зертхананың зерттеулерінің нәтижелері бойынша топырақ сынамаларында сібір жарасының қоздырғышының боулы анықталған жоқ. Бүгінгі таңда елдегі эпизоотикалық жағдай тұрақты, - деді ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Ерлан Тасболатов.

Өзгелердің жаңалығы