Су тасқыны. Республикалық маңызы бар 5 жол учаскесі жабылды

22 Сәуір 2024, 10:36
209
Бөлісу:
Су тасқыны. Республикалық маңызы бар 5 жол учаскесі жабылды

"ҚазАвтоЖол" ҰК республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы жаңартылған ақпаратты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 22 сәуірдегі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4400 метр болатын су тасқыны орын алды. 

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 10 автомобиль жолдарында (ұзындығы 552 км) қозғалысқа шектеу қойылды. Қазіргі таңда республикалық жолдарда 315 бірлік техника мен 336 адам жұмылдырылған, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы