Су тасқыны: Ресейде де бірнеше аймақты су басты

30 Наурыз 2024, 22:42
4395
Бөлісу:
Су тасқыны: Ресейде де бірнеше аймақты су басты
Фото: скрин

Күннің күрт жылынуы мен қардың көп жауғанына байланысты су тасқыны қаупі көрші Ресей аймағында орын алуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Приволжский федеральды округінде бес облыста көшелерді, жолдарды, көпірлерді су шайып кетті.

Самара облысындағы жауын-шашынның нормадан шамадан тыс артық. Орынбор облысында Жайық өзенінің тасқыны болжамы 950 мм, норма 680 мм. Облыста 80-нен астам тұрғын үйді су басқан.

Бұрын-соңды болмаған қарлы қыстан Саратов облысы қатты зардап шегуі мүмкін. Онда су қоймасының деңгейі 126 пайыздан асады. Еділ бассейнінде су қоры шекті деңгейден 124%-ға асады. Алтай өңірін су басып, 600-ден астам шаруашылық телімі су астында қалды. Облыста төтенше жағдай режимі енгізілді, - деп жазылған мәліметте.

Алтай аймағында еріген су жергілікті тұрғындардың үйлерін тез басып жатыр: қазірдің өзінде тоғыз елді мекенде 90-ға жуық үй мен 600 шаруашылық телімі зақымданған. Жолдың сегіз учаскесі жабық.

Адамдарды эвакуациялауға тура келді: қазір екі орналастыру орталығында 70 адам бар, оның 22-сі балалар. Бұл ретте тағы жеті нүкте дайын.

Күрделі жағдайлар Рубцовск, Михайловский және Шипуновский аудандарында. Облыста жедел топтар жұмыс істейді: 234 адам және 92 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы