Су тасқыны: Qoldau.gov.kz порталы іске қосылады

24 Сәуір 2024, 11:43
252
Бөлісу:
Су тасқыны: Qoldau.gov.kz порталы іске қосылады
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңыеда өткен брифинг барысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы портал аясында су тасқыны жағдайында мемлекеттік және уәкілетті органдардың атқарып жатқан жұмыстары, тұрғындарға көрсетіліп жатқан көмек пен қабылданып жатқан шаралар көрсетіледі. Сондай-ақ, деректер уақытылы жаңартылып отырады.

Азаматтарды немесе бизнес өкілдерін қолдауды осы платформа арқылы кез келген азамат көре алады. Әрбір азамат немесе шағын бизнес өкілдері өтініштерін бере алады. Аталған өтініштің орындалуын осы платформа арқылы бақылай алады. Онлайн платформаға кірген кезде өтемақыны кімдер алады, өтемақының түрлері, зардап шеккен тұрғын үй немесе тұрғын үйлерді қайтадан құру жөнінде барлық өтініштерді қабылдау функциясы бар,-деді Қанат Ысқақов.

Өзгелердің жаңалығы