Су тасқыны: Павлодар облысында зардап шеккен 120 отбасы өтемақы алды

24 Сәуір 2024, 16:10
234
Бөлісу:
Су тасқыны: Павлодар облысында зардап шеккен 120 отбасы өтемақы алды
Фото: автордан

Ертіс өңірінде қарғын судан зардап шеккен азаматтардың шығындары толық өтелді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Демеушілердің есебінен 98 млн теңге 120 отбасыға өтемақы ретінде үлестірілді.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Дидар Ибраевтың айтуынша, облыста қалпына келтірілуге жарамайтын жеті үй анықталды.

Зардап шеккендердің қатарында болған екі отбасы басқа тұрғын үйге көшірілді. Олар Шарбақты ауданының Красиловка және Тереңкөл ауданының Томарлы ауылында орналасқан. Қаражатты демеушілер берді. Ал қалған бас жанұя үшін Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында жаңа баспаналар салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары үш ай ішінде аяқталуы тиіс. Қазіргі уақытта судан келер қауіп сейілді. Алайда, жедел штабтың жұмысы тоқтаған жоқ. Зардап шеккен тұрғындардың жағдайы жіті бақылауымызда. Сонымен қатар, қосымша өтініштер түскен жағдайда әрқайсысын қарастырамыз, - дейді Дидар Ибраев.

Мамандардың айтуынша, зардап шеккен отбасыларға 100 АЕК көлемінде бір реттік өтемақы төленді.

Ал төтенше жағдай жарияланған Жалаулы ауылының тұрғындарына қарастырылған өтемақы 150 АЕК көлемінде. Бүлінген мүлік шығыны қосымша бағаланады. Судан қираған заттардың көбі тұрмысқа қажет құрал-жабдықтар болыпы шықты. Әр өтініш жекелей қарастырылады. Атқарушы билік зардап шеккендердің мәселелерін назардан тыс қалмайды. Су тасқынымен күрес кезінде кәсіпкерлер қауымы көмек көрсетті. Бизнес өкілдері техника құралдары, жанар-жағармай бөлді, - дейді Дидар Ибраев.

Айта кетейік, су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша шенеуніктерге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі. Облыста су тасқыны кезінде 38 баспана бүлінді. Бар шығын 47 миллион теңге мөлшерінде анықталды.

Өзгелердің жаңалығы