Су тасқыны. Оралда жағдай тұрақталып келеді

30 Сәуір 2024, 15:36
212
Бөлісу:
Су тасқыны. Оралда жағдай тұрақталып келеді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

БҚО-да су тасқынының алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Батыс Қазақстан облысы ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір қауіптің беті сейілді, өйткені Жайық өзенінің су деңгейі күн санап төмендеп келеді. Қазіргі көрсеткіш - 8 м 28 см, тәулік ішінде 10 см төмендеді, - деді Нұржан Төлеуіш.

Оның айтуынша, тұрғындарды құлақтандыру және эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Жергілікті ауқымдағы 6 ТЖ әлі де болса бар.

Жалпы су тасқыны кезеңінде 14 028 адам эвакуацияланды, оның 5 795-і бала, БҚО-да 12 эвакуациялық пункте 2428 адам орналасқан, оның 1038-і бала. Екі аудан бойынша екі елді мекен жол-көлік қатынасынсыз қалып отыр, 13 жол шаю оқиғасы қатаң бақылауда. 5 сәуірден бері гуманитарлық көмек қабылдайтын облыстық штабқа 1 млн 304 мың тонна көмек жеткізілді. Барлық жұмыстарға 1578 адам, 309 техника, 65 су сору құралы, 134 жүзу құралы және 1 әуе кемесі жұмылдырылды, - деді спикер ОКҚ-да өткен брифингте.

Жалпы облыс бойынша жағдай тұрақталып келеді және қатаң бақылауда.

Өзгелердің жаңалығы