Су тасқыны. Ильин тәуекелі жоғары өңірлерді атады

22 Ақпан 2022, 09:46
1138
Бөлісу:
Су тасқыны. Ильин тәуекелі жоғары өңірлерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет отырысында айтты.

Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдануын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, сондай-ақ қар астында мұз қабығының болуын ескере отырып, су тасқыны қаупі бар аймақтар анықталды. Тәуекелі жоғары өңірлерге: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары жатады, - деді ол. 

Юрий Ильин тәуекелі орташа аймақтарды да атап өтті. 

Тәуекелі орташа аймақтарға: Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстары кіреді. Күрт жылыну, қарқынды қар еру, сондай-ақ мол жауын-шашын түскен жағдайда осы өңірлердің елді мекендерінде су тасқыны жағдайының күрделенуі мүмкін, - деді ол.

Министр көктемде қандай жұмыс атқаратынын айтты. 

1 наурыздан кейін «Қазгидромет» РМК нақты болжам ұсынатын болады, оны ескере отырып, біз уақтылы жеткізу үшін министрліктің күштері мен құралдарын топтамасын түзетеміз және қажет болған жағдайда резервтік топтарды қолданысқа енгіземіз, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы