Су тасқыны. Атыраулықтар пойызбен тегін қатынай алады

5 Сәуір 2024, 10:53
254
Бөлісу:
Су тасқыны. Атыраулықтар пойызбен тегін қатынай алады
Фото: "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

ҚТЖ Атырау облысының су басқан ауданынан жолаушыларды тегін тасымалдауды ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су тасқыны салдарынан "Құлсары - Доссор" жолында көлік қозғалысы тоқтатылды. Азаматтарды әкету үшін арнайы пойыз бағыты ұйымдастырылған.

5 сәуір сағат 10:30-да 5 вагоны бар пойыз Құлсары станциясынан Атырауға аттанады. Кері бағытта Атыраудан Құлсарыға пойыз сағат 19:00-де жөнелтіледі. Шоқпартоғай және Мақат станцияларында аялдамалар жоспарланған. Жолаушылар үшін жол жүру тегін болады, - делінген хабарламада.

Темір жолдың барлық бөлімшесі күшейтілген режимде жұмысқа ауыстырылды. Айналма жолдар жүргізіліп, су жиналатын орындар анықталды, жер төсемінің, көпірлердің, су өткізгіш құбырлардың, дренаждық құдықтардың және т.б. жай-күйін бақылау жөніндегі шаралар күшейтілді. Пойыздар қозғалысына қауіп төндіретін суды бұру бойынша шұғыл іс-шаралар қабылдануда.

Қажетті құрал-жабдықтары мен материалдары бар 45 шайып кетуге қарсы пойыз толық дайын.

Анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі арқылы алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы