Су тасқыны. Атырауда жоғалған ер адам дронның көмегімен табылды

11 Сәуір 2024, 15:07
603
Бөлісу:
Су тасқыны. Атырауда жоғалған ер адам дронның көмегімен табылды
VIDEO
Фото: скриншот

Атырау облысында полицейлер жоғалған ер адамды дронның көмегімен тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Жылыой ауданының полициясына 49 жастағы ер адамның Қарағай ауылынан Құлсарыға қайықпен шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат келіп түсті. 

Бүгін таңертең Қарағай елді мекенінен 10 шақырым жерде су тасқынынан пайда болған аралдан полиция қызметкерлері дронның көмегімен 49 жастағы ер адамды тапты. Ер адамның жағдайы тұрақты, туыстарының жанында, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы