Су тасқыны. Атырауда Сурхан өзені тереңдетіліп жатыр

17 Сәуір 2024, 17:34
264
Бөлісу:
Су тасқыны. Атырауда Сурхан өзені тереңдетіліп жатыр
VIDEO
Фото: скриншот

Құрманғазы ауданында Сурхан өзенін түп тереңдету жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Құрманғазы ауданында су тасқынының алдын алу мақсатындағы жұмыстар жалғасын табуда. 

Соның ішінде жаз мезгілінде өзендердің тартылып қалмауының алдын алу мақсатында түбін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарды "Павлодар өзен порты" АҚ-ы атқаруда. Су жолын тазарту, тереңдету және кеңейту үшін алты шынжыр табанды экскаватор жұмылдырылуда. Бүгінде Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 6 см-ге көтеріліп, казір мұндағы су деңгейі 193 см болып тұр, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы