Су тасқыны: Астанадағы волонтерлер 550 тонна гуманитарлық көмек жіберді

10 Сәуір 2024, 12:18
232
Бөлісу:
Су тасқыны: Астанадағы волонтерлер 550 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Фото: BAQ.KZ

Су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету үшін Астанада 9 көмек жинайтын пунк жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Гуманитарлық көмек жинауға 30 волонтерлік ұйым, оны заттарды реттеп, жинауға 600-ден астам ерікті атсалысуда.

Қазіргі таңда Астанадан зардап шеккен өңірлерге 550 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді. Көмек кәсіпкерлердің, мемлекеттік органдардың, қауымдастықтардың, еріктілердің, қайырымды жандардың, азаматтардың арқасында көрсетіліп жатыр. Өңірлерге азық-түлік, жылытқыштар, қайықтар, генераторлар, күректер, 400 мың қап, балалардың киімдері, гигиеналық заттар, шатырлар, төсек-орын жабдықтары, резеңке киімдер жіберілді, - деді Астана қаласы еріктілер фронт-офисінің басшысы Эльвира Есмұханова.

Жиналған қажетті заттар жүк көліктері мен әуе компаниялары арқылы жеткізіліп жатыр.

Айта кетейік, "Еңбек адамы және ерікті" жобасы аясында біз елордадағы волонтерлардың су апатынан зардап шеккен аймақтарға қарсы атқарып жатқан жұмысын көрсеткен болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы