Су тасқыны. Алмалы ауылындағы жұмыстарға студенттер белсенді қатысуда

28 Мамыр 2024, 12:00
262
Бөлісу:
Су тасқыны. Алмалы ауылындағы жұмыстарға студенттер белсенді қатысуда
VIDEO
Фото: Скрин

Өткен аптада желдің екпіні күшті болуынан өзен суы Алмалы ауылдық округіндегі бөгеттерді жарып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Учаскегеге жұмылдырылғандар дереу қосымша бөгет тұрғызып, жаға бекіту жұмыстарын жүргізді.

Координатор Саламат Идрисовтың айтуынша, сумен бірге ірі көлемдегі қоқыстар да ағып келіп жатыр.

Өзен суы кедергісіз өту мақсатында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұжымы мен әскерилер қоқысты су бетінен уақытылы алып тастап отыр.

Қазір құлаған бөгеттерді қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Әзірге Алмалы ауылы мен қалаға тасқын қаупі төніп тұрған қауіп жоқ. Жайық өзенінен келген ағаш және түрлі қоқыстарды қол күшімен тазалау жұмыстарын аяқтадық. Барлық күш құрылымы жеткілікті,- деді С.Идрисов.

Атырау қаласында төтенше жағдай жарияланғалы бері жаға бекіту жұмыстарына студенттер де күн-түнмен санаспай жұмылдырылды. Бәрінің мақсаты бір: қаланы тасқыннан аман алып қалу.

 Атырауда су тасқынын болдырмау үшін үлкен-кіші демей күш біріктірсек, алынбайтын қамал жоқ. Мүмкін бірлігіміздің арқасында қаламызды аман алып қаламыз ,-деді студент Улжан Рахматиллаева.

Өздеріңіз білетіндей қазір мұнда жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Біз қыздар осындағы қапшықтарды топырақпен толтырып, дайын болған соң жігіттер бөгеттерге қоюда,- деді студент Аружан Орынғалиева.

Алмалы ауылдық округінде жаға бекіту жұмыстары басталғалы бері 200 мыңнан астам қапшық қойылды. Сондай-ақ осы учаскеге 50-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы