Су тасқыны. 92 бас жылқы қауіпсіз жерге шығарылды

23 Мамыр 2024, 14:12
202
Бөлісу:
Су тасқыны. 92 бас жылқы қауіпсіз жерге шығарылды
VIDEO
Фото: скриншот

Атырау облысының құтқарушылары жылқыларды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен екі тәулік ішінде Атырау қаласынан 27 шақырым жерде орналасқан Қайыршақты ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарының бірінен құтқарушылар қауіпсіз жерге 92 бас жылқыны эвакуациялады.

Еске сала кетсек, Жайық өзені суының ұлғаюына байланысты аталған шаруа қожалығы тасқын судың қоршауында қалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы