Суға бөлінген қаржыны судай сапырған шенеунік 4 жылдан кейін табылды

4 Қыркүйек 2020, 18:32
2458
Бөлісу:
Суға бөлінген қаржыны судай сапырған шенеунік 4 жылдан кейін табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін ҚР АШМ "ҚазСуШар" РМК бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлім етті.

Бұл ретте "ҚазСуШар" РМК Ақмола филиалы директорының орынбасары Америка Құрама Штаттарының аумағында сотқа дейінгі тергеу органынан жасырынып, халықаралық іздестіру жарияланды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің іздестірілуші туыстарымен жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 2020 жылғы 21 тамызда 46 187 614 теңге сомасындағы залал толық көлемде өтелді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасына өз еркімен келуге дайын екендігін білдірді (Прокуратураның бас тартуы), - дейді Данияр Бекайдаров. 

Ол сонымен қатар,  Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің орынбасары, Заречный ауылының әкімі және аталған ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын айтты.

Олар ШОБ субъектісі болып табылатын серіктестік басшысын Заречный ауылында газ құбырын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын төлеу есебіне 10,8 млн.теңге сомасында ақшалай қаражат беруге заңсыз мәжбүрлеуден айқындалған лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелуде.Тергеу жалғасуда, - дейді тергеуші.
Өзгелердің жаңалығы